Ғылыми-техникалық кітапхана ұжымы осы мерекеге орай ел тыныштығы мен Отан қауіпсіздігін күзетіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғысын білдіреді. Ерлік, батылдық, жауапкершілік пен елге адал қызмет ету – әрқашан құрметке лайық қасиет.
Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы. Ұлттың тарихын, батырларымыздың өнегелі жолын, елдік пен бірліктің құндылығын жас ұрпаққа таныту – біздің ортақ міндетіміз.
Отанымыз аман, еліміз тыныш, көк туымыз биік болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасы амандығын және еңбектеріңізге табыс тілейміз.




