Кітапхананың негізгі қорынан тапсырыс берілген басылымдарды оқырмандар оқырман билетін көрсету арқылы алады. Құжаттарды беру және қайтару автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Кітапхананың қалыпты жұмыс режимінде талаптарды қабылдау және қорлардан әдебиет беру оқырман билетін көрсету арқылы кітапхананың жұмыс уақытында жүргізіледі және ол жабылардан 30 минут бұрын тоқтатылады.
Құжаттарды беру және қайтару автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады. Тапсырыстар талап берілген сәттен бастап 10-15 минут ішінде орындалады. Қашықтағы қоймадан тапсырыстар 1 сағат ішінде орындалады.
Анықтамалық қызметтің кезекші кітапханашылары оқырмандарға қорлар, каталогтар және кітапханада қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша онлайн-кеңес береді.