Астана филиалының тарихы

Целиноград облыстық ғылыми-техникалық кітапханасы (ОҒТК) 1965 жылғы 2 желтоқсанда КСРО Министрлер Кеңесінің №2007-р үкімі негізінде Совнархоздың Орталық ғылыми-техникалық кітапханасы базасында құрылып, тікелей Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға бағындырылды.                                

1999 жылғы желтоқсанда Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды, ал ОҒТК оның құрамына Ақмола филиалы ретінде енді. Бұл кезең жаңа технологияларды, электрондық ресурстарды және ақылы сервисті игеру бағытында қарқынды жұмыс жүргізілген уақыт болды. Дәстүрлі кітапханалық технологиялар ақпараттық технологияларға орын берді. Анықтамалық-іздестіру аппаратында жетекші орынды электрондық каталог иеленді

2006 жылы филиал Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы РМК құрамындағы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола филиалы болып  аталды, ал 2008 жылдан бастап «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» акционерлік қоғамының Ақмола филиалы болып  ұйымдастырылды.                                                                

  2013 жылғы 26 наурызда «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ-ның Ақмола филиалы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ-ның Астана филиалы болып аталды. 2022 жылғы 10 наурыздан бастап «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» акционерлік қоғамының Астана филиалы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ РҒТК) Астана филиалы болып қайта аталды.

Филиал қызметінің басым бағыты – ғылым, техника, өндіріс, бизнес, білім беру және мемлекеттік басқару салаларында жұмыс істейтін мамандардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, отандық және әлемдік интернет-ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық кеңістікті дамыту болып табылады.