Халықаралық электрондық кітап күні – технология мен оқу еркіндігінің мерекесі. Мерекенің мақсаты – электрондық оқуды насихаттау, цифрлық форматтардың қаншалықты ыңғайлы екенін көрсету және технологиялардың оқу мәдениетін қаншалықты өзгерткенін еске салу.
Электрондық кітап – жай ғана сәнді гаджет емес, білім әлеміне бастайтын нағыз жолсерік. Бұл күн кітапты смартфоннан, планшеттен немесе электрондық кітаптан оқудың қаншалықты ыңғайлы әрі қызықты екенін еске салады. Көптеген артықшылықтарының арқасында электрондық кітаптар бүгінде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Кез келген жерде, кез келген уақытта сүйікті туындыңыздан ләззат алуға немесе жаңа кітапқа бойлауға болады. Ұзақ сапарға кітап алуды ұмытып кетсеңіз де, енді алаңдаудың қажеті жоқ. Қазір бәрі әрдайым қол астында – гаджетте.
Электрондық томдар ой-өрісімізді кеңейтіп, оқырмандар үшін де, авторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашуда.

