С. Сейфуллин атындағы университет студенттеріне РҒТК ақпараттық ресурстары таныстырылды

2026 жылғы 14 қазанда «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-да орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шара аясында «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КеАҚ Астана филиалының сектор меңгерушісі Есеркепова С. Т. кітапхананың ақпараттық ресурстарын таныстырып, студенттерді кітапхана қорымен және оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті электрондық дерекқорларға қол жеткізу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.